
Университеттердің академиялық құрамы үшін тренинг «Academic Intergrity Awareness», ал студенттер құрамы үшін «student Onboarding on Academic Integrity» деп аталды. Сондай-ақ, лига 2024 жылғы 9 қаңтарда лига Кеңесінде бекітілген академиялық қызметте жасанды интеллектіні пайдалану жөніндегі нұсқаулық – «Artificial Intelligence Policy» бейне-семинарын дайындады.
Бұл тренингтердің мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасында академиялық адалдықтың маңыздылығын, оның қағидаттарын, оқытушылар мен студенттердің өзара сыйластық пен сенім негізінде өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, академиялық жазудың мәдениеті мен этикасы дағдыларын дамыту. Сәйкесінше плагиаттың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу және LMS басқару жүйесін оқытушылардың да, студенттердің де пайдалауына үйрету міндеттері көзделді.
Бұл тренингтер видео-дәріс форматында ұсынылды және тұсаукесерлер, дәріс мәтіндері, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар ситуациялық кейстер түріндегі ақпараттық ресурстарды қоса отырып, қазақ және орыс тілдерінде дайындалған.
Академиялық адалдық лигасының жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұргүл Маханбаеваның айтуынша: «Бұл тренингтер біздің Қазақстанда академиялық адалдықты дамытуға ұмтылуымыздағы алға жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар цифрлық дәуірдің сын-тегеуріндеріне жауап. Біздің оқытушылар мен студенттер өз жоғары оқу орнының қабырғасынан шықпай-ақ онлайн режимінде пайдалы білім ала алады».
Академиялық Адалдық Лигасы лигаға мүше жоғары оқу орындарына осы бейне дәрістер арқылы профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін семинарлар өткізуді, сондай-ақ осы науқанды БАҚ-та жариялауды ұсынады.