Digital Almaty 2024: 3 ақпанда Ғылым және жоғары білім министрлігінің панельдік сессиясы өтеді

Digital Almaty 2024: 3 ақпанда Ғылым және жоғары білім министрлігінің панельдік сессиясы өтеді

Алматы қаласында Digital Almaty 2024 Халықаралық IT-форумы басталды. Биылғы форумның тақырыбы – Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы.

Форум аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек және EdCrunch негізін қалаушы – Н. Қиясов, Fincraft Group холдингінің президенті – К. Ракишев, ХАТУ-дың ректоры – А. Хикметов, «Arman» холдингінің президенті – С. Бисекеев, сондай-ақ Huawei Technologies өкілі – Сафдер Назир сияқты танымал спикерлердің қатысуымен Министрліктің панельдік сессиясын өткізу жоспарлануда.

Сессияда спикерлер «Индустрия 4.0 үшін білім беру: Цифрлық болашақ үшін кадрлар даярлау» тақырыбын талқылайтын болады.

Сіздерді ағымдағы жылдың 3 ақпанында Алматы қаласында «АТАКЕНТ» ҚІЫО (№2 URANIUM №11 павильоны) мекен-жайы бойынша өтетін Панельдік сессияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Өткізу уақыты: 10:00-11:20 сағ.