Саясат Нұрбек халықаралық Түркі академиясының президентімен кездесу өткізді

Саясат Нұрбек халықаралық Түркі академиясының президентімен кездесу өткізді

Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаевпен және Академияның вице-президенті Асхат Кесікбаевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек академик Шахин Мұстафаевқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық Түркі академиясына жолдаған Алғыс хатын табыс етті.

Кездесуде Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында көтерілетін мәселелер талқыланды, сондай-ақ түркітілдес елдер арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасылды.

Шахин Мұстафаев министрді Халықаралық Түркі академиясының өткен жылғы қызметінің қорытындылары және биылғы жылы іске асырылған негізгі жобалары туралы хабардар етті.

Соңында академик Саясат Нұрбекке Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарияланған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған ғылыми зерттеудің бес томдығын сыйға тартты.