
Азаматтық авиация академиясына Оңтүстік Кореядан келген ғалым қонақ болды. Доктор Хансек Юнг (PhD), Хансео халықаралық авиация университеті факультеті деканының орынбасары Республикалық бюджет есебінен жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша келді.
Бір ай бойы шетелдік қонақ аптасына 2 рет студенттерге дәріс оқиды. Хансек Юнгтың дәрістері авиация саласындағы озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктермен алмасуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Қазақ елінің авиациялық білімінің дамуына оң әсерін тигізеді.
Академиялық интеграцияның мақсаты – Академия студенттерінің білім деңгейін көтеру ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайту, сондай-ақ ортақ білім беру бағдарламаларын құру.