Еуропалық одақ және Ғылым қоры: ғылым және инновация саласындағы серіктестік және ынтымақтастық

Еуропалық одақ және Ғылым қоры: ғылым және инновация саласындағы серіктестік және ынтымақтастық

Ғылым қорының өкілдері Қазақстандағы Еуроодақ Өкілдігінің Ынтымақтастық департаментінің басшысы Йоханнес Баурмен және Еуропалық Одақтың ғылым және инновациялар жөніндегі менеджері Роберт Брудзинскимен кездесу өткізді.

Тараптар ғылым мен инновациялар саласындағы ынтымақтастық пен серіктестіктің жолға қойылған оң динамикасын атап өтті.

Ғылым қоры басқарма төрағасының орынбасары Әлия Сембаева еуропалық әріптестеріне Бельгияның жетекші ғылыми орталықтарымен кездесулер ұйымдастырып, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Мұндай кездесулер біздің елдеріміздің ғылым және инновациялар саласындағы өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу және стратегиялық әріптестік орнату үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті А. Сембаева.

Кездесу барысында тараптар Ғылым қорының Еуропалық Одақ сапары бағдарламасына қатысуы мен 2024 жылға арналған жоспарларын талқылады, сондай-ақ тараптар «Horizon Europe» бағдарламасы бойынша қазақстандық ғалымдардың өтінім беру жай-күйіне тоқталды.