Apems және «Qazaq Kuresi» қауымдастығы қазақ күресін дамыту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде

Apems және «Qazaq Kuresi» қауымдастығы қазақ күресін дамыту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы «Qazaq Kuresi» қауымдастығымен бірлесе отырып, қазақ күресін дамыту бағытында ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Сәйкесінше, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясы ғалымдары мен «Qazaq Kuresi» Ассоциация мамандары гранттық қаржыландырылатын ғылыми жобаны жүзеге асыру бойынша 2023 жыл нәтижелерін қорытындылады.

2023 жылы «Дербестендірілген тәсілді қолдана отырып, қазақ күресі балуандарының жаттығу үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбындағы гранттық қаржыландырылатын жобасы шеңберінде қазақ күресі бойынша ҚР құрама командасы балуандарымен педагогикалық және медико-биологиялық бағыттағы зерттеулер жүргізілді.

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының базасында «Qazaq Kuresi» қауымдастығының өкілдері және қазақ күресінен ҚР құрама командасының жаттықтырушыларының қатысуымен жобаның зерттеу тобының отырысы өтті. Мақсаты – 2023 жылы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын шығару, алынған нәтижелер мен қазақ күресінен ҚР құрама командасын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылау.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру жұмысы ең жоғары деңгейде болуы тиіс. Президент ұлттық спорт түрлерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін атап өтіп, ат спорты түрлерінен жарыстар өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын қарастыруды тапсырды.

Жиналыс барысында қазақ күресі балуандарының функционалдық-физикалық жай-күйінің кешенді бағалауының нәтижелері көрсетілді. Сонымен бірге, зерттеу тобы мүшелері «Дала қырандары» республикалық турниріне қатысқан қазақ күресі бойынша ең үздік балуандарының техникалық-тактикалық сараптамасын да ұсынды.

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының ғылыми жоба шеңберінде қойылған міндеттерін жүзеге асыру ұлттық төл күресіміздің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.