
Қазақ спорт және туризм академиясы жыл сайынғы өткізілетін профессор-оқытушылар мен жаттықтырушыларға арналған «қысқы мектеп» жұмысын ұйымдастырды.
Қысқы мектепті өткізудегі мақсат - Академияны педагог-жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мен ғылыми институттардың, жоғары оқу орындарының және спорт колледждері мен мектептерінің өкілдері үшін ашық пікірталас алаңына айналдыру. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы келесідей төрт модуль бойынша бірқатар іс-шаралар атқарды, атап айтқанда:
Қысқы мектеп жұмысына еліміздің 9 жоғары оқу орнынан 50-ден астам және Академияның 100-ден астам оқытушы-жаттықтырушылар қатысты. Дәрістерді жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, тәжірибелі педагог-жаттықтырушылар, сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарының шақырылған ғалымдары оқыды.
Академия спикері ғылым және стратегиялық даму проректоры, PhD, қауым. профессор Айдын Дошыбеков «Алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерді бағалау: бүгінгі күйі және даму алғышарттары» атты баяндамамен қысқы мектептің жұмысын ашып берді. Сонымен қатар, спикерлер қатарында осы бағыттағы елімізге белігілі ғалымдар мен жоғары білікті жаттықтырушылар: Жұбанов университетінің профессоры п.ғ.д. Төлеген Ботагариев, Абай Университетінен п.ғ.д., профессор Марфуға Абсатова, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Алматы қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының менеджер-әдіскері Зухра Мейирханова дәріс оқыды.
Қысқы мектептің жұмысы биылғы жылы шеберлік сыныптар, пікірталас, тренинг, семинар, зерттеу алаңы, «төңкерілген оқытуды» қолданумен және проблемалық жағдайларды шешумен жаңа форматта өткізілді.