Ө. Жолдасбеков атындағы институт Қытайлық зауытпен робототехника саласында зерттеулер жүргізеді

Ө. Жолдасбеков атындағы институт Қытайлық зауытпен робототехника саласында зерттеулер жүргізеді

Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты мен Қытай зауыты Henan Xinxuan Mechanical and Electrical Equipment Co., ltd. арасында ғылыми зерттеулер, білім беру саласындағы және сауда серіктестігі туралы ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Бұл стратегиялық серіктестік мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылына негізделген ғылымның жаңа моделін енгізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде іске асырылады. Ынтымақтастық біздің мемлекеттеріміз үшін өзара қызығушылық тудыратын цифрлық технологиялар мен робототехника саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытуға бағытталған.

Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты – Орта Азиядағы Henan Changhong Mechanical & Electrical Equipment Co., Ltd компаниясының бірінші іскер серіктесі.

Henan Changhong Mechanical & Electrical Equipment Co., Ltd. - бұл жеке тапсырыс бойынша тауар өндіруші, АҚШ-та, Еуропада және қазір Орталық Азияда кең желісі бар.

Меморандумның негізгі аспектілері ғылыми зерттеулер мен мамандар даярлау саласындағы тәжірибе алмасу, зерттеу бағдарламаларын бірлесіп іске асыру, сондай-ақ сауда қатынастарын дамыту, атап айтқанда Қазақстанда өндірілмейтін жабдықтар мен жиынтықтауыштарды жеткізу болып табылады.

«Институт серіктестікті тек бір бағдарлама аясында ғана емес, сонымен қатар медициналық кептіру және вакуумдық жабдықтар, агроөнеркәсіп саласына арналған жабдықтар және т. б. сияқты басқа да перспективалы жобалар дайындауды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда біздің елімізде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған қолданбалы зерттеулерге көбірек көңіл бөлінеді, сондықтан біздің мамандардың өндірістегі технологиялық процестерді үйренетініне қуаныштымыз, бұл болашақта осы дағдыларды бізде қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай ынтымақтастық мемлекет пен бизнестің серіктестігіне негізделген ғылымның жаңа моделінің маңызды элементі болатынына сенімдіміз», - деп атап өтті академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғылыми жетекшісі Амандық Төлешов.