Utebayev University студенттері инновациялық жабдықтарда жұмыс істеу тәсілдерін үйренуде

Utebayev University студенттері инновациялық жабдықтарда жұмыс істеу тәсілдерін үйренуде

Еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінің орталығында орналасқан UTEBAYEV UNIVERSITY индустрия, академиялық қоғамдастық пен бизнес интеграциясын табысты іске асырып келеді. Университет 90-нан астам кәсіпорынмен серіктестік орнатқан. Соның нәтижесінде студенттер оқу орны қабырғасында алған теориялық білімдерін тәжірибе барысында бекітуге мүмкіндік алып отыр.

UTEBAYEV UNIVERSITY студенттері Алижан Есенжанов пен Нұржан Мұхан дуалды оқыту бағдарламасы бойынша Жігермұнайсервис» ЖШС-нде жұмыс істеп жүр. Бұл жастардың заманауи жабдықта жұмыс істеуді меңгеріп, өндірістік білім алуына бірегей мүмкіндік. Зауытпен серіктестік аясында студенттер Ibarmia станогын қолданудың техникалық аспектілерімен танысып қана қоймай, өз білімдерін іс жүзінде бекітеді.

Ibarmia (Spain) токарлық-фрезерлік станогы сандық бағдарламалық басқарумен жұмыс істейді. Бұл жерде студенттер стандартты емес жиынтықтауыштар, үлкен диаметрлі PDC бұрғылау қашаулары, субұрқақ арматурасының қосалқы бөлшектері секілді басқа да мұнай кәсіпшілігінде маңызды металл бөлшектерін өңдеуді үйренуде.

Индустрия 4.0 қалыптастыру үшін еңбек нарығындағы талаптар мен технология өзгерісіне бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті, белсенді мамандар даярлау маңызды. Өңірлік университеттің осы бағыттағы жұмысы жаңа деңгейге көтеріліп келеді.