
Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-да бір апталық «PROFESSIONAL PROGRAM ON ACADEMIC AND RESEARCH ISSUES» семинары өз мәресіне жетті.
Қызметкерлер мен оқытушыларға республикалық деңгейдегі спикерлер Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің Ұлттық жүйесінің моделін, білім беруде жасанды интеллектті енгізу мен зерделеуді қарастыра отырып, офлайн және онлайн форматтарда семинар өткізді.
ҚР ҒЖБМ Жобалық кеңсесінің академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі бағдарламаның жетекшісі Фатима Надыровна Жақыпова Қазақстанның жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Министрліктің осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. ҚР ҒЖБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің сыртқы бағалау және талдау басқармасының басшысы ғылыми кадрларды даярлаудың ықпалы мен сапасы туралы баяндады. Ал ҚР мен Орта Азиядағы ICU Халықаралық қауымдастығының (International Soash Union) директоры Нұрбекова Ғалия Бағдатқызының басшылығымен басқарудағы және оқытудағы коучинг бойынша интерактивте ШҚТУ оқытушылары Қазақстанда жоғары білім беруді жақсарту және дамыту жөніндегі жаһандық стратегиялардың құрастырушылары ретінде өздерін сынап көрді.
Сондай-ақ, курс шеңберінде қатысушылар оқытушылардың да, тікелей ШҚТУ-дың да бәсекеге қабілеттілігін, жасанды интеллектпен жұмыс істеу әдістерін, "Атамекен" ҚР ҰКП Білім беру бағдарламаларымен жұмыс істеу әдіснамасын, ғылыми журналдардағы жарияланымдар стратегиясы мен жарияланымдардың негізгі тәсілдерін, Сhat GPT-ді зерттеу жұмыстарында пайдалану мүмкіндіктерін арттыру, жобаны басқару және деректерді визуализациялау дағдыларын дамытып қайтты.
Бұл жаңа әдістер мен тәсілдер университет пен оқытушыларға білім беру процесін ілгерілетуге және жақсартуға оң ықпалын тигізетіні анық. Оқу курсының соңында барлық қатысушылар 72 сағаттық «PROFESSIONAL PROGRAM ON ACADEMIC AND RESEARCH ISSUES» семинарына қатысқаны туралы сертификаттар алды.