
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің постдокторанты Айман Ақылбекова Дубай қаласында өткен оптика, фотоника және лазерлер жөніндегі халықаралық конференцияда «Ең үздік постер» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. ЕҰУ өкілі конференцияның жалпы отырысының модераторы да болып сайланды.
Дубай қаласында өткен халықаралық конференцияға АҚШ, Италия, Жапония, Оңтүстік Африка, Канада, Түркия, Гонконг, Чехия, Қытай, Германия және басқа елдердің 30 ғалымын тоғыстырды. Қатысушылар тарапынан 10 постер ұсынылды. Барлық жұмыстар қатаң түрде белгілі бір критерийлер бойынша таңдалды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық ғалымның постерлік баяндамасы үздік танылды.
«Бұл конференция тың идеялар мен тәсілдердің пайда болуына түрткі болды, маған күш-қуатпен және шабыт берді. Осы саладағы әріптестеріммен пікір алмасу - мен үшін тәжірибенің маңызды бөлігі. Мұндай іс-шарада барынша жақсы сөз сөйлеу үшін өзіңіздің ғылыми жетістіктеріңізді, сонымен бірге коммуникациялық қабілетіңізді көрсетуіңіз аса маңызды», - дейді ЕҰУ постдокторанты Айман Ақылбекова.
ЕҰУ физика-техникалық факультетінің «Техникалық физика» кафедрасы доцентінің м.а. Айман Ақылбекованың жобасы халықаралық конференцияға қатысуына «Жас ғалым» жобасы жол ашты.
Айман Ақылбекова - «SiO2/Si трек шаблонында жартылай өткізгіш наноқұрылымдарды қалыптастыру ерекшеліктері» жобасының жетекшісі. PhD докторы қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірлесе еңбек етеді.
Оның негізгі ғылыми қызметі - наноөлшемді кристаллиттер мен күрделі оксидті қосылыстардың наносымдарын, мырыш пен селен қосылыстарының темплэйтті синтезін зерттеу және әзірлеу.
ЕҰУ постдокторанты – 4 патенттің иегері. Айман Ақылбекова 30-дан астам ғылыми еңбегін жариялады. Оның ішінде 2 монография және Web of Science Core Collection және Scopus деректер базасына кіретін, Q1, Q2, Q3 квартильдері бар 7 мақала бар. Ғалым қазақ тіліндегі «Кристалдардың жылулық қасиеттері» оқу құралының авторы және «Астрономия» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құралының және «Астрономия» электрондық оқулығының тең авторы. Ғалымның Хирш индексі 4 (h=4) тең.
Айта кету керек, 2022 жылы ЕҰУ постдокторанты EFPE-2022 халықаралық конференциясында постерлік баяндама жасап, белсенді қатысуының нәтижесінде ресейлік ғылыми дәйексөз индексіне қабылданды.