
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар көрнекті ғылыми қайраткерлердің еңбегін атап өтті.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен 2024 жылғы 9 қаңтарда Шәкәрім атындағы университеттің профессорлары Ш.А. Әмірхановқа, Р. У. Ашақаеваға, Б. А. Идырышевке, Б. М. Құлуштаеваға, сондай-ақ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен А. К. Диканбаеваға, Б. Б. Тұрақұловаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Сондай-ақ, профессор ғылыми атағы Назарбаев Университетінен Ж. Б. Бакеновке және Инновациялық Еуразия университетінен М. В. Темербаеваға берілді.
Ал қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына Алматы технологиялық университетінің оқытушылары Н. Жексенбай, А. И. Матибаева, Ж. С. Набиева, Д. А. Тлевлесова ие болды.
Сіздерді философия докторы (PhD) дәрежесі мен профессор және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуларыңызбен құттықтаймыз!