Азаматтық авиация академиясының және Оңтүстік Кореяның Urielsoft компаниясының ынтымақтастығы

Азаматтық авиация академиясының және Оңтүстік Кореяның Urielsoft компаниясының ынтымақтастығы

Азаматтық авиация академиясы Оңтүстік Кореялық Urielsoft компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру, инновацияны дамыту және тәжірибе алмасу бағыттарын қамтиды.

Екі тарап Авиациялық инкубатор резиденттерімен, авиация саласына арналған IT өнімдерін шығару бойынша стартап-жобаларды әзірлеушілермен бірлескен ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру туралы келісімге келгенін ерекше атап өткен жөн.

Urielsoft әуежайлар мен авиакомпаниялар үшін жүйелер мен инфрақұрылымды дамытуға арналған шешімдерді ұсынады. Осы компаниямен бірлесе отырып, Азаматтық авиация академиясының ғылыми жетістіктер орталығы зерттеулер жүргізуді және авиация саласы үшін smart-технологияларды әзірлеуді жоспарлап отыр.