
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасының оқытушылары Гаухар Баубекова, Севара Дарибаева, Шыңғыс Тауакелов «Болашақ» халықаралық стипендиаттық бағдарламасының «500 Ғалым» жобасы бойынша Болгария Республикасы, София қаласындағы Орман шаруашылық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап қостанайлық ғалымдар «Қоршаған орта объектілерін химиялық – физикалық зерттеу» тақырыбында жұмыс істеді.
Ғылыми тағылымдаманың бағдарламасы аясында кафедра оқытушылары шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, Орман шаруашылық университетінің студенттерімен өткізілетін дала тәжірибесіне қатысты.
Дала тәжірибесінде қоршаған орта объектілерінің сынамалары Бързия және Юндула аймақтарынан алынып, олармен лабораториялық зерттеулер жүргізілді.
Тағылымдама барысында Орман шаруашылық университетінің ғылыми зертханаларында қолданылатын қоршаған орта объектілерін зерттеу әдістері меңгерілді.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері өңделіп, «The relationship of atmospheric pollutants and meteorological variables for the Sofia region, Bulgaria», «Study of Soils in Mountain Ecosystems in Bulgaria» атты мақалалар түрінде дайындалды және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялануға қабылданды.