Саясат Нұрбек азаматтарды жеке қабылдауды өткізді

Саясат Нұрбек азаматтарды жеке қабылдауды өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтарды жеке қабылдады.

Ведомство басшысы қазақстандықтардың ғылым мен жоғары білімнің жекелеген мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Азаматтар студенттік спортты ілгерілету, қорғаныс өнеркәсібінде әскери ғылымды дамыту, Ұлттық тестілеу орталығының инфрақұрылымы және докторантурада оқу мәселелері жөнінде министрге жүгінді.

«Министрлік PhD принциптерін қайта қарауда. Сонымен қатар, PhD стипендиясын арттырамыз. Биыл ол 217 мың теңгеге жетеді. Жыл сайын 20 пайызға өседі. Алдағы 4-5 жылда біз 500 мың теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Докторантураға білім беру гранттарын көбейту мәселесі де қарастырылуда», - деп атап өтті министр және кездесуге қатысушыға докторантураға түсу үшін емтихандарға дайындық кезінде сәттілік тіледі.

Саясат Нұрбек барлық өтініштерге толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүкіл елдің ортақ міндеті азаматтардың сұраныстарына жедел әрі тиімді ден қоятын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болып табылатынын атап өтті.

Айта кету керек, 2023 жылы 41 азамат министрдің жеке қабылдауына жазылып, жалпы 17 қабылдау кздесулер өткізілді.