
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті.
Отырыста оқу-әдістемелік бірлестіктердің 2023 жылғы жұмысының қорытындылары талқыланды, сондай-ақ алдағы жылға арналған бағыттар мен міндеттер айқындалды.
Жасанды интеллект болашақтың ең перспективалы технологияларының бірі болып табылады, оның көптеген салаларда революциялық әлеуеті бар. Білім беруде жасанды интеллектті пайдалану үшін этика, қауіпсіздік және ашықтық мәселелеріне назар аудару қажет. Осы мәселе аясында білім беру мақсатында жасанды интеллектті қолдану бойынша жоғары оқу орындарының аралық стандарт жобасы талқыланды.
Сонымен қатар, академиялық қызметте жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нұсқаулық таныстырылды.
Студенттерді техникалық бағыттарды таңдауға ынталандыратын, сондай-ақ олардың оқу және ғылыми қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін жағдайлар жасау бүгінгі таңда маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты техникалық жоғары білімнің тартымдылығын арттыру және ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қаралды.
Министрлік «AMANAT» партиясымен және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруда.
Осы жобаны іске асыру үшін Нархоз университеті базасындағы оқу-әдістемелік бірлестік партия өкілдерімен және Агенттікпен бірлесіп әзірленген «Қаржылық сауаттылық негіздері» оқу курсы аталған кеңесте талқыланды. Келесі оқу жылынан бастап аталған курс барлық студенттерге оқытылады.