
Қазтұтынуодағының Қарағанды университетінде «Цифрландыру және жаһандық тәуекелдер жағдайындағы қаржы - экономикалық жүйенің тұрақты дамуының заманауи үрдістері» атты Халықаралық олимпиада өтті.
Халықаралық олимпиаданың ерекшелігі Қазақстан мен Ресейдің 30-дан астам мектептері мен колледждерді: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Ресей кооперация университетінің қазан кооперативтік институты, Тұран университеті, Алматы технологиялық университеті сынды қатысушылардың қамтылуы болды.
Барлық қатысушылар өздерінің стартап-жобаларын ұсынды. Басты мақсат – жастар арасында қаржылық сауаттылықты насихаттау, мектеп пен ЖОО қарым-қатынасында сабақтастық пен ынтымақтастықты көрсету. Сонымен қатар, ерекше стартап-жобаларды халықаралық деңгейге шығару.
Олимпиада кезең-кезеңімен өтті. 1 - кезеңге оқушылар, 2 - кезеңге – Қазақстан және Ресей колледждерінің өкілдері, 3 А – қазақстандық жоғары оқу орындарыжәне 3 Б – шетелдік университеттері қатысты.
Әр кезеңде балаларға қаржы секторы саласындағы мықты мамандар танымдық ақпараттар ұсынды. Әрбір стартапты табысты іске асырудың нақты тетіктері берілді.
Айта кету керек, бұл халықаралық олимпиада ТМД елдерінің қаржы секторының талдаушыларын біріктіреді, қатысушыларға мектеп алаңынан бастап қолдау көрсетеді. Әр кезеңде практикалық қолданыстағы тетіктер мен ұсыныстар беріледі, бұл сөзсіз ТМД елдерінде шағын және орта бизнестің дамуына алып келеді.
«Қаржылық сауаттылық біздің өміріміздің барлық салаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Мектеп орындығынан бастап, балалар, содан кейін біздің студенттер өздерінің стартаптарын іске асырып, білімге қолданылатын барлық мүмкіндіктерін бағалап, түсінген сайын, олар ТМД елдерінде экономикалық тұрғыдан мықты білімді адамдардың негізін тезірек қалыптастырады. Сондықтан бұл конференцияның міндеттері жаһандық өзектілікке бағытталған. Бұл біздің қатысушыларымыз үшін халықаралық тәжірибе, бірақ болашақта бұл ТМД елдерінде және әлемде экономикалық байланыстардың одан әрі нығаюына алып келеді», - деп атап өтті Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі Ләззат Талимова.