
Сіздерді еліміз үшін аса маңызды мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – біздің ұлтымыздың еркіндігінің, бірлігі мен мақтанышының символы іспеттес, әрі өткенімізді, бүгініміз бен келешегімізді бағалау мен құрметтеу маңызды екендігін еске салып отырады.
Сондай-ақ бүгінгі күн біз үшін ерекше маңызды, өйткені біз осы айтулы мемлекеттік мерекені тойлап қана қоймай, мемлекет басшысының зерттеу университеттері жанынан технопарктер құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаны іске қосудамыз.
Бүгін еліміздің тұңғыш техникалық университеті жаңа технопарк пен құрылыс материалдарын шығаратын екі жаңа өндіріс орнының іргетасын қалады. Бұл біздің ортақ болашағымыздың маңызды бөліктеріне айналады және еліміздің ғылыми дамуы мен прогресінің символы болады.
Университет үшін мағынасы зор бұл іс-шара – еліміздің ғылыми прогресіне қосқымыз келетін ортақ үлесіміз болмақ, сондай-ақ жаңа биіктерді бағындыруға деген біздің ынта-жігеріміздің белгісі. Болашақта бұл жоба білімге деген құштарлығымыздың, күш-қуатымыз бен табандылықтың символына айналады. Бұл жоба бүкіл еліміз үшін де және әрқайсы