«ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 50 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚЫТУДАН ӨТУДЕ

«ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 50 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚЫТУДАН ӨТУДЕ

Осы жылдың желтоқсан айында Дүниежүзілік Банктің орта білім беруді жаңғырту жобасы аясында Хяме қолданбалы ғылымдар университеті мен Nazarbayev University сарапшылары жүзеге асыратын мектептердің білім беру бағдарламаларын масштабтау бойынша жұмысы басталды. Семинарға өңірлік жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. 5 күн ішінде Қазақстанның 17 педагогикалық ЖОО-нан 50 оқытушы жоғары білім берудің әзірленген білім беру бағдарламаларын масштабтау, сондай-ақ педагогикалық білім беруді күшейту бойынша оқытудан өтуде. Финляндиядан келген кеңесшілер Hee University of Applied Sciences Ltd. Nazarbayev University-мен ұлттық сарапшылар мұғалімдерді оқытудың мазмұны мен нысандарын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Осы мақсатта еліміздің 17 педагогикалық жоғары оқу орындарында мұғалімдерді бастапқы даярлаудың жетілдірілген моделі әзірленіп, сынақтан өткізілді. Сондай-ақ, жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық және арнайы білім берудің педагогикалық бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 30 жаңа бағдарламасы әзірленді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек педагогтың жеке тұлғасын және қоғамның жаңа, ақпараттық түрін қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. «Әлемде болып жатқан өзгерістерге – виртуалды шындықтың, жасанды интеллекттің дамуына және басқа да өзгерістерге қарамастан, мұғалімнің рөлі өте маңызды. Мұғалім – кез-келген білім беру процесін дұрыс бағытта жүргізе алатын, осы процестерге стейкхолдерлерді тарта алатын негізгі адам. Қазіргі мұғалім білімнен басқа, білім алушылармен ортақ тілді түсіну және табу үшін көптеген басқа дағдыларға ие болуы керек. Қазір педагогикалық білім беруді жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Біздің елімізде педагогикалық кадрларды даярлайтын 49 университет бар, оның ішінде 5 бейінді ЖОО. Біз педагогикалық білім берудің мазмұнын қайта қараймыз, басқарушы кадрларды даярлау бойынша магистратураның жекелеген бағдарламалары іске қосылады. Бұл жоба – осы бағытты жақсарту үшін жүргізіліп жатқан нақты шаралардың бірі»,-деп атап өтті С.Нұрбек. Семинар соңында оқытылған 50 қазақстандық педагог-жаттықтырушы 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында педагогикалық бағыттар бойынша оқытуды іске асыратын 49 ЖОО-ның 1800 профессорлық-оқытушылық құрамын оқытуға қатысады. Айта кетейік, 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасында білім беру бағдарламаларының оқу жоспарын жаңартуға және «Университет түлегі моделін» жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны үздік халықаралық тәжірибеге негізделген пәнаралық және жаһандық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталатын болады.