SAGYNOV UNIVERSITY ЖӘНЕ QAZTEHNA КӨЛІК САЛАСЫНДА ҚЫТАЙДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ФИЛИАЛЫН АШУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

SAGYNOV UNIVERSITY ЖӘНЕ QAZTEHNA КӨЛІК САЛАСЫНДА ҚЫТАЙДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ФИЛИАЛЫН АШУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға ҚХР көлік және логистика саласындағы жетекші жоғары оқу орны – Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институтының делегациясы келді.
Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институты мен «Yutong» оқу-дайындау орталығының (ҚХР) басшылығы Қазақстандық «QazTehna» автобустар және арнайы техника өндірісі зауытының (Сарань қ.) өкілдерімен бірлесіп, техникалық білім беру саласында мол тәжірибе алмасу және перспективалық ынтымақтастық орнату мақсатын талқылады.
Сапар барысында делегация мүшелері университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институтының ректоры Хутао Цзяо бірқатар мәселелер турасында әңгіме өрбітті.
«Мен біздің университеттеріміздің 70 жылдық тарихы бар екеніне таң қалдым. Біз Қарағанды техникалық университеті ұсынатын білімге, кәсіпқойлық деңгей мен зертхана жабдықтарына тәнті болдық. Бұл сапар тәжірибе алмасуға және болашақ ынтымақтастық үшін жаңа байланыс нүктелерін табуға бірегей мүмкіндік береді»,-деді ол.
Тараптар көлік және логистика саласында жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлау, ПОҚ пен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, қос дипломды білім беру, ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ және «QazTehna» базасында Қытайдың белгілі ЖОО филиалын ашу мүмкіндіктерін қарастырды.