ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫТАЙМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫТАЙМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Хэнань көлік кәсіптік-техникалық колледж делегациясының, президент Цзяо Хонгтао, жалпы партиялық филиалының хатшысы Сюань Чжаочжэнь және АҚ «Ютонг» оқу орталығының жетекшісі Ли Юнхао (Қытай, Чжэнчжоу) қатысуымен кездесу өтті. Оған «QazTehna» ЖШС өкілдері: корпоративтік университеттің басшысы – Айдос Айтбаев, кадрлар бөлімінің бастығы – Алибек Рахымжанов қатысты.
Кездесу академиялық қоғамдастық, жеке компаниялар мен шетелдік серіктестер арасындағы ашық диалог арқылы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылауға арналды.
Университеттер, жеке компаниялар және шетелдік ұйымдар арасындағы академиялық серіктестік білім және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді, бірлескен зерттеулер мен жаңа технологияларды әзірлеуге бастамашылық жасауға мүмкіндік бере отырып, студенттердің мансаптық мүдделеріне ықпал етеді.
Бірлескен жобалар экономика мен жалпы қоғамға оң әсерін тигізіп, саланың өсуі мен дамуына, сондай-ақ білім беру жүйесін жетілдіруге түрткі болады.