ЕО халықаралық ғылыми-техникалық орталығының әріптестерімен кездесуде тараптар ғылым мен бизнестің интеграциясын дамыту бойынша тәжірибе алмасты. Еуропалық Одақтың инновациялық жобаларына енгізу механизмдері талқыланды.
Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық ғалымдар Horizon Europe бағдарламасының өтінімдерін қарауда көп жылдық тәжірибесі бар ХҒТО сарапшыларынан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Оны қаржыландыру көлемі шамамен 100 миллиард еуроны құрайды.
ХҒТО сарапшылары, ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың ғылыми-техникалық жобаларын қолдау құралдары туралы баяндады. Біз цифрландыру, индустрия және ғарыш бағыты бойынша Horizon Europe аясындағы ынтымақтастық жобалары мен бірлескен бағдарламаларды әзірлеу тақырыбына жеке тоқталдық.
Кездесуге ХҒТО атқарушы директорының орынбасары Рашитдин Көкенов, ХҒТО Еуропалық Одақ бағдарламалары бойынша жобаның аға менеджері Геффрой Филипп, ХҒТО сарапшылары Кюсто Александр және Мюларт Жан, Ғылым қоры басқармасының төрағасы Камиль Акатов, ҚР ICRIAP Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Алан Казкенов, Ұлыбританиядағы қазақстандық Ph.D қауымдастығының президенті Иван Трусов, AURORA GEOPHYSICS LIMITED жеке компаниясының басшысы Кемал Аманбаев, гидрология бойынша сарапшы Шамшагүл Маштаева ат салысты.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық ғалымдар мен ғылыми ұйымдарға көрсетілетін қаржылық және әдістемелік көмектің негізгі көзі болып табылады. Үкіметаралық ұйымның қоржынында 100 елде 76 мыңнан астам ғалым қатысқан 4500-ден астам аяқталған ғылыми жоба бар.