
Азаматтық авиация академиясы өзінің зерттемесін жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRiP ICAO) бойынша ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымының симпозиумында таныстыратын болады.
Зерттеушілер авиациялық қауіпсіздік және профайлинг мамандар үшін жасанды интеллект арқылы «Авиациялық профайлинг» бастапқы оқу бағдарламасын ұсынады. Бұл курс «Нұрсұлтан Назарбаев» (Астана) және «Қостанай» халықаралық әуежайларында, сондай-ақ «Euro-Asia Air» әуе компаниясында сынақтан өткен болатын.
Авиациялық профильдеу авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қауіпті жолаушыларды және жеке тұлғаның психологиялық бейнесін анықтауға арналған.
Одан бөлек, Академия студенттері 3 желтоқсаннан бастап ерікті ретінде шараны ұйымдастыруға көмектесуде. Олар әуежайда қонақтарды қарсы алып, қатысушыларды тіркейді және де онсайт-координацияға қатысуда.
Айта кетейік, ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымының симпозиумы Қазақстанда алғаш рет өтуде. Шара жолаушыларды сәйкестендіру процесін басқару мәселелерін талқылау үшін халықаралық сарапшылар мен азаматтық авиация басшыларын жинады.