Орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Университет делегациясы Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жоғары оқу орындарына барып қайтты. Басқарма Төрағасы-ректоры профессор Нұрлан Дулатбеков мәдениет, өнер және білім жөніндегі үшінші халықаралық конференцияда баяндама жасады.

Бүгінгі күні оқу ордасы мәдениет, өнер және білім саласындағы Еуразия және Қытай жоғары оқу орындарының халықаралық альянсының вице-президенті болып тағайындалды. Іс-шаралар Shenyang Normal University-де (Ляонин провинциясы, Шэньян қ.) өтті.

Сапар аясында Қытайдың бірқатар жоғары оқу орындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Қытай елінің шақыруымен университеттің делегациясы Shenyang University of Chemical Technology және Liaoning Petrochemicals University-не барды.

Осылайша, білім және ғылым саласында бірлескен қызмет туралы уағдаластықтарға қол жеткізіліп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.