
Жаһандық даму жөніндегі вице-президенті Джон Брэдфорд бастаған Колорадо тау-кен мектебінің делегациясы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне келді.
Екі тараптың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ұзақ мерзімді жоспарлар талқыланды: тәжірибе мен білім алмасу, салалық мәселелерге жаһандық көзқарасты қалыптастыру және магистратура мен докторантурада бірлескен білім беру бағдарламаларын құру. Бірлескен академиялық іс-шараларды өткізу Маруся Асаубаева атындағы қайырымдылық қоры есебінен жоспарлануда.
Білім беру саласындағы серіктестікті нығайту мақсатында AтМГУ түлектерге еңбек нарығында тиімді мүмкіндіктер бере отырып, тәжірибеге бағытталған оқытуға басты назар аударады. Осылайша, американдық делегация өкілдері AтМГУ-ның материалдық-техникалық базасымен, оның ішінде университеттің зертханаларымен, оқу және ойын-сауық ғимараттарымен танысты.
Бұл кездесу өзара байланысты нығайту және ұзақ мерзімді серіктестік орнату мүмкіндігі. Білім беруді интернационалдандыру - әлемдік білім беру кеңістігіне енудің маңызды қадамы.
Колорадо тау-кен мектебі табиғи ресурстарды іздеу, игеру және өңдеу бойынша мамандарды даярлау үшін белсенді түрде пайдаланылатын Эдгар кеніші бар минералдық, тау-кен және мұнай-газ машина жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.