
Бүгінде «Ғылым ордасының» 6 павильонында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жұмыс жобасына сай нысанның барлық 12 павильонында кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Ғимараттың жалпы ауданы 38 801,5 ш.м. құрайды. «Qazaq Stroy» компаниясы өкілдерінің айтуынша, келесі 6 павильонның жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.
Қазіргі уақытта шатырды, ғимараттың қасбетін ауыстыру, терезелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, төменгі тоқ жүйесі, атап айтқанда өрт және күзет дабылы, телефон орнату, интернет желісі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ескі есіктерді бөлшектеу, батареяларды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ескі шойын радиаторлары заманауи биметалдық радиаторларға ауыстырылды.
Еске салайық, 2022 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, меценаттар мен демеушілерді тарта отырып, «Ғылым ордасы» ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Сондай-ақ ғимараттың тарихи келбетін сақтау үшін Qazaq Stroy компаниясы Archrest жобалау және қалпына келтіру компаниясымен бірлесіп жұмыс атқаруда.