САЯСАТ НҰРБЕК АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

САЯСАТ НҰРБЕК АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтарды жеке қабылдады.
Ведомство басшысы қазақстандықтардың ғылым мен жоғары білімнің жекелеген мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Азаматтар министрге ҰБТ форматы, педагогикалық білім беру сапасы, құқықтық сауаттылық, инклюзия мәселелері бойынша жүгінді. Кездесуге қатысушылардың бірі оқу орындарында «қолжетімді Қазақстан» картасын қолдау және енгізу бойынша ұсыныстар ұсынды.
«Қазір педагогикалық білім беруді жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Біздің елімізде педагогикалық кадрларды даярлайтын 49 университет бар, оның ішінде 5 бейінді ЖОО. Біз педагогикалық білім берудің мазмұнын қайта қараймыз, басқарушы кадрларды даярлау бойынша магистратураның жекелеген бағдарламалары іске қосылады. ҚР Білім министрлігімен бірлесіп «1000 басқарушы кадр»жобасы іске қосылады, оның шеңберінде педагогикалық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары қайта қаралып, жаңғыртылады», - деп атап өтті министр.
Саясат Нұрбек барлық өтініштерге толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.