Маңғыстаулық білім алушылар АҚШ студенттерімен тікелей байланыс орнатты

Маңғыстаулық білім алушылар АҚШ студенттерімен тікелей байланыс орнатты

Қазіргі жаһандану заманында әр түрлі мәдениет өкілдерімен ынтымақтастық орнату барған сайын маңызды бола түсуде. Осы мақсатта Fulbright бағдарламасының степендиаты, Шығыс Каролина Университетінің докторы Джейми Лейбовиц Yessenov University студенттеріне Global Understanding («Жаһандық түсінік») жобасын таныстырды. Жобаның жергілікті координаторы ретінде Туризм және тілдер факультеті Әлем тілдері кафедрасының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Пулатова Замира тағайындалды.

Жобаға қатысу арқылы студенттер Солтүстік Каролина штатындағы Гринвилл қаласында орналасқан Шығыс Каролина университетіндегі (ECU) студенттермен Zoom арқылы тікелей сөйлесіп, бірлесіп жоба қорғап шықты. Өзара әрекеттесу барысында студенттер түрлі тақырыптарды зерттеп, маңызды мәдени тұжырымдамаларды салыстыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген мәселелер аясында жоба қорғады.

Студенттер инклюзивті білім беру және life long learning, климаттың өзгеруі, Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, екі елдің де табиғатты аялаудағы жауапкершілігін арттыру жолдары, су асты өмірді қорғау, ана өлімін болдырмау мәселелерді зерттеп, шешу жолдары ұсынылды.

Жоба аясында студенттер американдық құрдастарымен сөйлесіп, достық қарым-қатынастарын жалғастыру үшін желілік платформа GPS Connect қолданды. Екі аптаға созылған жоба нәтижесінде студенттерге естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.