
Парижде UNESCO ұйымдастырған 13th UNESCO Youth Forum жастар форумы өтті.
Форум 80-нен астам елдің жастарын жинады. Форум климат пен экожүйелердің тұрақтылығына қамқорлық жасайтын экономиканың жаңа түріне тұрақты көшу шеңберінде адам құқықтарының маңыздылығын, мәдениет пен тарихи мұраның сақталуының ілгерілетуге бағытталған.
Аталған «Изменение климата и молодежь: время действий» форумының жұмысына (Climate Change and Youth: time for Action) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Зоология институтының энтомология зертханасының кіші ғылыми қызметкері, қазақстандық ғалым Гүлжанат Танабекова қатысты.
Форумға қатысушылар экологиялық аспектілерден басқа климаттың өзгеруінің әлеуметтік салдарын да талқылады.
«Форумда әрқайсымызды толғандыратын– климаттың өзгеруі және олардың біздің болашағымызға әсері туралы мәселелер көтерілді. Біз – климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі инновациялар, қоғамдардың тұрақты дамуы үшін жастардың денсаулығы мен әл - ауқатына қамқорлық жасау, жасыл экономикаға әділ көшу үшін білім беруді және дағдыларды дамыту жөнінде маңызды тақырыптарды талқыладық», - деп атап өтті Гүлжанат Танабекова.
Форумға қатысушылар климаттық өзгерістер жас ұрпақтың болашағына орасан зор әсер ететіндігін және әлеуметтік аспектілерді ескеретін жаңа тәсіл қажет деген пікірлерін бірауыздан білдірді.
Сондай-ақ, қатысушылардың назарынан цифрлық және технологиялық шешімдердің этикасы, мәдениеттің табиғатпен байланысы және т.б. мәселелер тыс қалмады.