Шымкентте өңірдегі ең ірі ЖОО-ның 80 жылдығын атап өтілді

Шымкентте өңірдегі ең ірі ЖОО-ның 80 жылдығын атап өтілді

Auezov University мерейтойының салтанатты мерекесі қазақ жазушысы, ғалым Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Іс-шараға немересі Зифа-Алуа Әуезова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және әкімдік өкілдері, Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович, Әзірбайжан Мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің оқу работе жөніндегі проректоры Гасым Мамедов және ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының, ҚР Инженерлік академиясының, Конституциялық соттың өкілдері қатысты.

Зифа-Алуа Әуезова ЖОО мерейтойына қатысу үшін Нидерландтан Шымкент қаласына арнайы келді. Әуезов әулетінен алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.

«Баршаңызды осындай маңызды іс-шарамен - Мұхтар Әуезов атындағы университеттің 80 жылдығымен құттықтаймын. Осының құрметіне мен ЖОО кітапханасына голланд тіліне аударылған және Голландияда шығарылған «Абайдың қара сөзі» кітабын әкелдім. Өткен жылы Левен университетінде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын мерекелеу аясында Қазақ әдебиеті мен оның тарихына арналған конференция ұйымдастырылды. Конференцияға университеттің жас зерттеушілері, оқытушылары қатысып, университеттің жетістіктері туралы халықаралық қоғамдастыққа айтып берді. Шетелдіктер тарихқа таң қалып, Auezov University қызметіне оң баға берді», - деп атап өтті Мұхтар Әуезовтың немересі.

Зифа-Алуа Әуезова, Саясат Нұрбек және Auezov University ректоры Дария Қожамжарова «Green Challenge»-ге қатысып, оқу орнының аумағына ағаш отырғызды.

Мереке «Білім, ғылым және инновация» халықаралық форумымен жалғасты, онда құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, спикерлер өз баяндамаларын оқыды.

Салтанатты бөлім барысында Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының жоғары оқу орнының құттықтауын оқып, онда Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарға, оқытушылар мен студенттерге үндеу жолдап, ғылым мен инновацияның ел экономикасын дамытудағы маңыздылығын, университеттің бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы ерекше рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, министр залда жиналған қонақтарды құттықтап, Auezov University ұжымына стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді және еліміздің жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық позицияларды иеленуді тіледі.

«Мемлекет басшысының құттықтауы — бұл сіздің ғылым мен жоғары білімді дамытуға сіңірген еңбегіңізді мойындау, сонымен бірге қазіргі деңгейді сақтау және жақсарту үшін жауапкершілік жүктейді. Зерттеу университеті мәртебесін беру Қазақстанның зияткерлік және ғылыми әлеуетін іске асырудың жаңа бағыты», - деп түйіндеді Саясат Нұрбек.

Мереке төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдармен және алғыс хаттармен, сондай-ақ қазақстандық әртістердің, музыкалық ұжымдардың және университеттің би ансамбльдерінің қатысуымен гала-концертпен аяқталды.