
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия мен Польшада білім алуда.
Студент жастар көктемге жақын Отанына оралады. Түркиядағы оқу күндері қалай өтіп жатқанын филология факультетінің 3 курс студенті Ажар Асылханова айтып берді:
«Мен өткен көктемде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде тегін оқуға ұйымдастырылған конкурсқа қатысуға шешім қабылдадым. Мен бақыттымын. Анкарада орналасқан Гази университетінде бізге бір семестр бойы оқу керек болды. Анкара қаласы өзінің мейірімді тұрғындары мен әсем атмосферасымен жақсы әсер қалдырды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ оқу орнының басшылығына, Интернационалдандыру кеңсесінің құрамына әлемнің үздік педагогикалық университеттерінің бірінде оқуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы үлкен мүмкіндіктер алаңы екеніне көз жеткіздім».
Гази университеті (Gazi Üniversitesi) - Түркиядағы ең көне және ең ірі университеттердің бірі. Бүгінде университетте 45 мыңнан астам студент оқиды. ЖОО-да білім беру жүйесі, халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы жақсы дамыған.