Жәнібеков университеті өзбекстандық университетпен тәжірибе алмасуда

Жәнібеков университеті өзбекстандық университетпен тәжірибе алмасуда

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында педагогикалық тәжірибе алмасу жалғасуда. Арнайы бағдарлама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей бастамасымен жүзеге асырылуда.

ЖОО-ға Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары шақырылды. Өзбекстаннан келген ғалымдарды басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева қабылдады. Кездесуде ректор бірлескен жоспарлар мен міндеттермен бөлісті.

«Біз Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық университетпен 1994 жылдан бері ынтымақтасып келеміз. Екі елдің оқу орындары терең тарихи тамырлар мен педагогикалық саладағы нақты бағдарды байланыстырады», - деп атап өтті Гүлжан Сүгірбаева.

«Олигофренопедагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Паридахон Пулатова және «Сурдопедагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының оқытушысы, PhD Камола Садирова студенттерге арнайы педагогиканың маңызды бағыттары бойынша дәріс оқиды. Бұл күндері студенттер «Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері»  кафедрасының оқытушысы Малика Пулатходжаеваның және «Логопедия» кафедрасының оқытушысы, арнайы (дефектологиялық) білім магистрі Юлия Попованың дәрістерін тыңдайды.

Университет студенттері Өзбекстан педагогикасын оқытудың ерекшеліктеріне қызығушылық танытып, белсенді түрде кері байланыс орнатуда.