Auezov University Азияның үздік 150 жоғары оқу орнының қатарына қосылды

Auezov University Азияның үздік 150 жоғары оқу орнының қатарына қосылды

Британдық QS рейтингтік агенттігі QS Asia Rankings 2024 рейтингісінің нәтижесін жариялады. Рейтинг қорытындысы бойынша Auezov University өткен жылғы позициядан 33 сатыға көтеріліп, 144-ші орынға ие болды. Ал қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 4-ші орынға табан тіреді.

Биылғы рейтингке Азия аймағындағы 857-ден астам университет қатысты.

QS Asia University Rankings жасау барысында сарапшылар өңірлік жоғары оқу орындарын 11 критерий бойынша бағалады.

Атап айтқанда, ғылыми сарапшылар мен жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми жарияланымдарға сілтеме жасау, профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер саны сарапқа салынды.

Сонымен қатар, халықаралық зерттеу желісі, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі, шетелдік студенттер мен ғалымдардың саны және студенттердің профессор-оқытушылар құрамына қатынасы және студенттердің академиялық ұтқырлығы назарға алынды.

Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына ену – Auezov University үшін маңызды жетістік.