С. Өтебаев атындағы АтМГУ ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

С. Өтебаев атындағы АтМГУ ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Атырауда Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) ұйымдастырған ESG Talks форумы өтті.

Форум аясында КРІ, SGS және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті химия инженериясы саласындағы жас мамандардың білім-ғылымды меңгеруіне бағытталған маңызды келісімге келді.

Меморандум «Химия инженериясы» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын магистранттар мен докторанттарға полипропилен негізіндегі жаңа полимерлі композицияларды жасау бойынша білімі мен дағдысын жетілдіруге бірегей мүмкіндік береді.

KPI, SGS және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасындағы ынтымақтастық студенттерге полимерлік композициялар саласындағы озық зерттеулер мен практикалық жобаларды іске асыруға, кәсіби көкжиегін кеңейтуге жол ашады.

АтМГУ трансформация процесінде және оқу жоспарында тәжірибеге бағытталған оқытуға баса назар аударып отыр. Университеттің өндірістік серіктестері қатарының артуы салаға жоғары сапалы, білікті кадрларды даярлау мүмкіндігін кеңейді.