Министрлік Svevind Energy Group компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Министрлік Svevind Energy Group компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Svevind Energy Group басшысы Вольфганг Кропптың кездесуі барысында Hyrasia One жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Жасыл» сутекті пайдалану мүмкіндігі бойынша бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу, «жасыл» сутекті сертификаттау саласындағы халықаралық тәжірибені, сондай-ақ Қазақстанның су ресурстарының әлеуетін зерделеу.

Саясат Нұрбек Қазақстан үшін «жасыл» сутекті зерттеу саласында өзінің ғылыми базасын арттыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия саласының жоғары дәрежелі отандық мамандарын даярлау маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Svevind Energy Group бас директоры Вольфганг Кропп министрліктің зерттеу қызметіне жәрдемдесуге дайын екендігі туралы хабарлады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Ақтаудағы Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының базасында «Логистика» және «Энергетикалық және экологиялық инжиниринг» мамандықтары бойынша оқыту басталды. Жас мамандарды «жасыл» сутегі өндірісі саласындағы озық технологияларға оқыту бойынша ауқымды платформа құру жоспарлануда.

Іс-шара соңында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін пысықтауға келісті.