Шетелдік профессор М.Өтемісов атындағы БҚУ-да айлық оқу курсын бастады

Шетелдік профессор М.Өтемісов атындағы БҚУ-да айлық оқу курсын бастады

Польшадағы Ұлы Казимир университетінің (Быдгощ қаласы) профессоры, PhD доктор Krystian Obolewski Орал қаласына арнайы шақыртумен келді.

БҚУ жаратылыстану-география факультетінің профессор-оқытушы құрамы, «Биология», «Биология-география», «Химия-биология», «Экология» және «География» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары үшін қазан айының 18-і мен қарашаның 16-ы аралығында айлық оқу курсын өткізеді.

Профессор К.Obolewski қатысуымен биология білу беру бағдарламасының студенттері Генетика пәні бойынша «Гендердің тіркесуі. Кроссинговер. Генетикалық карта» тақырыбында практикалық сабақтан өтті. Тәжірибе барысында есептер шығарып, дрозофила шыбынының мысалында хромосоманың генетикалық картасын жасақтаудың қыр-сырын үйренді.

Шетелдік профессор курс барысында дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, далалық зерттеулер жүргізіп, сондай-ақ, ПОҚ үшін ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру, дайындау және іске асыру әдістемесі мен шетелдік басылымдарда ғылыми зерттеулердің публицистикалық нәтижелерін дайындау бойынша кеңестер ұйымдастырды.

Профессордың дәрістер курсы - «Applied hydrobiology», «Water ecology», практикалық сабақтары - «Statistical methods in ecology» тақырыптарында өтеді.