ІІ Түркі Универсиадасында қазақстандық балуандар төрт алтынды жеңіп алды

ІІ Түркі Универсиадасында қазақстандық балуандар төрт алтынды жеңіп алды

ІІ Түркі Универсиадасында тағы бір спорт түрінен жарыс аяқталды. Еркін күрестен қазақстандық спортшылар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық құраманың қоржынына 4 спортшы алтын әкелді: Әмірхан Дәулет (ҚазСТА) 57 келіге дейінгі санатта, Мұхтар Санжар (М. Х. Дулати атындағы ТарМУ) 65 келіге дейінгі санатта, Ереш Дәулет (Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ) 79 келіге дейінгі санатта, Айтбеков Ақежан (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) 97 келіге дейінгі санатта.

Күміс медальді Абай атындағы ҚазҰПУ-дан Досжанов Санжар 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алды.

Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дан Шалдар Қуандық мен БҚИТУ-дан Ерболатұлы Ерсұлтан тиісінше 70 және 92 келіге дейінгі санаттарда қола алды.

Біздің спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз!

Естеріңізге сала кетейік, ІІ Түркі Универсиадасында дзюдо, үстел теннисі, шахмат, күрес және волейболдан (ерлер) жарыстар жалғасуда.