
II Түркі Универсиадасының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды. Әйелдер волейболында Қазақстанның командасы, футзалда Қырғыз студенттері үздік атанды.
Әйелдер волейболында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы финалда Қазақстан командасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, құрама қоржынына алғашқы алтынды әкелді.
Футзалдан соңғы жарыстарда қазақстандық команда Қырғызстаннан келген студенттерге жеңісті беріп (1:4) және күміс медальге ие болды.
Бүгін Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдени орталығында. футзалдан және әйелдер волейболынан жүлделі орындарға ие болған командаларға медальдар табыстау бойынша салтанатты іс-шара өтті. Универсиаданың алғашқы жеңімпаздарын ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан марапаттады.
Дзюдо, үстел теннисі, шахмат, еркін күрес, волейболдан жарыстар жалғасуда.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық спортшыларға сәттілік тілейміз!