
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жобасы ірі қара мал терісін өңдеп, жемдік қоспаға айналдыру бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыру үшін гранттық қаржыға ие болды. «Ғылым қоры» АҚ-мен келісімге қол қойылды.
Ғылыми жұмыста ірі қара мал мен жылқы терісін кәдеге жарату және жоғары ақуызды азықтық қоспаға айналдыру өңдеу технологиялары қарастырылады.
Жобаны жүзеге асырудағы серіктес - «SK PROTEIN» ЖШС.
Тұтыну нарығының негізгі мақсатты сегменті бірінші кезекте Солтүстік Қазақстандағы және Қазақстанның басқа аймақтарындағы, сондай-ақ Еуропалық Одақ елдеріндегі, Ресей Федерациясының және болашақта Қытайдың асыл тұқымды мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, сондай-ақ жемшөп сататын саудагерлер болып табылады.