
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Италияның Ferrara университетінен профессор Марко Грегги "Құқықтану" білім беру бағдарламасына шақырылып, ғалым дәріс оқуға кірісті.
Италиялық ғалым ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «2023 жылы шетелдік ғалымдарды жұмылдыру туралы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шақырылды.
Профессор салық құқығы саласындағы маман болып табылады. Ғалымның Италиядағы салық жүйесі мен салық салу тәртібі туралы дәрістері заң факультетінің студенттері арасында үлкен қызығушылық пен жоғары танымдық белсенділік тудырды.
Сондай-ақ, ғалым заң факультетінде бірқатар шеберлік сыныптары мен оқыту семинарларын өткізді. Өткізілген дәрістер кафедра оқытушыларына шетелдік ғалыммен тәжірибе және білім алмасуға, құқықтану саласындағы маманның тәжірибелік практикасы мен сараптамалық пікірін алуға мүмкіндік берді.
Заң факультетінің оқытушылары мен студенттері профессорға оқу және ғылыми процеске қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіріп, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту аясында одан әрі серіктестікке қарым -қатынасты жалғастыруға қатысты үміт білдірді.