БҰҰ-ның АтМГУ-дегі зертханалар акселераторы

БҰҰ-ның АтМГУ-дегі зертханалар акселераторы

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «БҰҰ-ның АтМГУ-дегі зертханалар акселераторы» ашылды.

АтМГУ уақыт талабына сай аймақтағы интеграциялық ролін нығайтып келеді. Университеттің қазіргі стратегиясы жаһандық мақсаттарға, соның ішінде БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсаттарына бағытталған.

Атырау мұнай және газ университетінде БҰҰ-ның Қазақстандағы ғаламдық коммуникациялар департаментінің қолдауымен Каспий Хаб (Caspian SDG Hub) құрылған болатын. «БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын Каспий маңы аймағында жүзеге асыру» жобасы өз нәтижесін беріп келеді.

Жоғары оқу орындарының төртінші миссиясы - қоғам дамуына үлес қосу. Осы бағытта биыл Атырау мұнай және газ университеті базасында Тұрақты даму кафедрасы ашылды. Кафедра 17 мақсатты іске асыру үшін мүдделі тараптардың күш-жігері мен бастамаларын біріктіруге бағытталған жұмыстарды іске асырады.

АтМГУ жас инноваторлары - 17 жұмыс тобынан тұратын студенттік клубтар Маруся Асаубаева атындағы креатив хабта жаңа идеяларды жүзеге асырады. Әлемдегі басқа зертханалар тапқан инновациялық өнімдер мен қызметтер халықаралық сарапшылардың назарына ие болуда.