Басты мақсат: ғылымға негізделген ынтымақтастық

Басты мақсат: ғылымға негізделген ынтымақтастық

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының ынтымақтастығын нығайтуға арналған меморандумға қос тараптың басшылары қол қойды.

Серіктестіктің негізгі мақсаты – оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, бірлескен ғылыми монографияларды, мақалаларды дайындау, ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын жасақтау болып табылады.

Ендігі кезекте оқу орындарының арасында магистрлер мен докторанттарға арналған ғылыми тәжірибе алмасу жұмыстары және әскери институттың курсанттары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Кездесу барысында Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының басшысы Тимур Еспағанбетов машина жасау және IT –саласындағы мамандарды бірігіп даярлауды ұсынды.

Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова студенттер үшін бірлескен бірқатар жобалардың сәтті түрде жүзеге асатынына сенім білдірді.