Saginov University австралиялық ALS трансұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Saginov University австралиялық ALS трансұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың негізінде жұмыс істейтін «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы «ALS Kazlab» ЖШС-мен келісімге қол қойды.

«ALS Kazlab» ЖШС «ALS» ТҰК (Australian Laboratory Services) бөлімшесі, әлемнің 65 елінде 370-тен астам бөлімшесі бар ірі зерттеу зертханалық компаниялардың бірі.

«Химия және химиялық технологиялар» университеттік кафедрасы мен «ALS» ЖШС-ның арасында көпжылдық жемісті ынтымақтастық жолға қойылған. Бұл ретте бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары шеңберінде сұранысы бар құзыреттерге ие болған кафедра түлектері «ALS Kazlab» ЖШС-де ғана емес, «ALS Geochemistry» ЖШС-де (Қазақстан Республикасы), «ALS TASHKENT» ЖШС-де (Өзбекстан Республикасы) жетекші сарапшылар мен басшылар ретінде табысты еңбек етуде.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «ALS Kazlab» ЖШС-мен ғылым, білім және өндірісті интеграциялау арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша ынтымақтастығы артуда және болашағы зор.