ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы республикалық бірлестігінің атқарушы директоры Әшім Нартай Қасымжанұлы мен «Ұлттық аударма бюросы» корпоративтік қоры директорының орынбасары Тимур Батырғалиұлы Мұхтаровты «Құрмет» орденімен құттықтады.
Қазақ тілін дамытқаны үшін Саясат Нұрбек «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлына ерекше алғысын білдірді. Ол мемлекеттің тіл саясатын дамытудағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Мемлекеттік тілді дамытуда, контент құруда және бейімдеуде үлкен жұмыс атқарылуда. Соuгѕега халықаралық білім беру платформасы қазір қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен ПОҚ арасында үлкен сұранысқа ие. 1000-ға жуық курс қазақ тіліне аударылды. Мұның бәрі тілдің дамуы мен жобаның сәттілігін көрсетеді. Сіздерді алған марапаттарыңызбен тағы да құттықтаймын және Отанымыздың игілігі үшін жұмыста табыс тілеймін. Бұл жоғары марапат сізді одан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады деп сенемін», - деп құттықтады ведомство басшысы.
Өз кезегінде Рауан Кенжеханұлы қоғам қызметіне көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін алғысын білдіріп, тіл саясаты мәселелерінде ведомствоға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.