APEMS қызметкерлері Туриндегі семинарға қатысты

APEMS қызметкерлері Туриндегі семинарға қатысты

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының қызметкерлері ETF European Training Foundation сарапшылар пулына енгізілді.

Сарапшылардың бірі, Академиямыздың академиялық мәселелер жөніндегі проректор Тұрсынзада Қуанғалиева Турин қаласында (Италия) өткен "Дағдылар эволюциясы: цифрлық технологиялар дәуіріндегі дағдыларды түсіну және дамыту" тақырыбындағы "Skills Lab network of experts" халықаралық семинарына қатысты.

Бұл іс-шара оқытуға, зерттеуге, цифрлық дағдыларды дамыту бойынша тәжірибе алуға бағытталған. Оған осы саладағы инновациялық цифрлық дағдылар мен саясаттар жөніндегі жобаларға қатысатын ETF серіктес елдерінің (Еуропа және ОА елдері) Skills Lab сарапшылары қатысты.

Негізгі баяндамашылар: Maha Gmira - Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жасанды интеллект стратегиялары және гендерлік мәселелер бойынша сарапшы; Пиза университетінен Филиппо Чиарелло, Халықаралық еңбек ұйымының халықаралық оқу орталығынан Tom Wambeke, Уорик университетінің өкілі Terence Hogarth.

Осы жоба шеңберінде Академия қызметкерлері ETF әріптес елдерінің сарапшыларымен бірлесіп жасанды интеллект дәуірінде спорттық білім беру көзқарасы бойынша, сондай-ақ алынған дағдыларды талдау және цифрлық ауысу бойынша жұмыс істейтін болады.