ЕҰУ студенттері V Азия пара ойындарында алтын және қола иеленді

ЕҰУ студенттері V Азия пара ойындарында алтын және қола иеленді
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері Ерғали Шамей және Бауыржан Арыстанбеков Қытайдың Ханчжоу қаласындағы V Азия пара ойындарында пара дзюдо бойынша алтын және қола медальді жеңіп алды.
ЕҰУ студенті Ерғали Шамей 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол шешуші жекпе-жекте отандасымыз Асылан Нұрдәулетовпен кездесіп, 10:0 есебімен V Азия пара ойындарының чемпионы атанды.
90 келі салмақта Бауыржан Арыстанбеков Индонезия өкілінен басым түсіп, қола медальді иеленді.
Ерғали мен Бауыржан – ЕҰУ екінші курс студенттері. Олар «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша инклюзивті топта білім алады.
Дарынды спортшылардың жеке жаттықтырушысы - ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәурен Оразов.
Айта кетейік, V Азия пара ойындарына ЕҰУ студенті Алтынай Ержанқызы үстел теннисінен, ЕҰУ түлегі Сиязбек Далиев жүзу бойынша өнер көрсетуде.