СТУДЕНТ ӘНУАР САРИЕВ IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ

СТУДЕНТ ӘНУАР САРИЕВ IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ
Дзюдошы Әнуар Сариев – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау униерситетінің 1 курс студенті. Ол 60 келі салмақ дәрежесіндегі белдесуде Лондон Паралимпиадасының күміс жүлдегері Сюй Чжаоды жеңді.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарына Қазақстан құрамасы сабында Х.Досмұхамедов униерситетінің 3 студенті ел намысын қорғайды.
Қола жүлде алған Әнуар Сариевтен өзге дзюдошы Жанбота Аманжол мен Альфия Тілепқабыл алдағы күндері бозкілемде белдеседі.