Дулати университетінде Орталық Азия су секторының дамыту жобасы бастау алд

Дулати университетінде Орталық Азия су секторының дамыту жобасы бастау алд
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Орталық Азия су секторының адами әлеуетін дамыту» тақырыбындағы ERASMUS+ жобасы іске қосылды.
Дүние жүзіндегі халық санының өсуіне байланысты ЮНЕСКО алдағы 30 жылда жаһандық суды тұтыну жыл сайын 1%-ға артады деп болжайды.
Қазақстан суға тәуелді ел болғандықтан бұл мәселе біз үшін де өзекті. Сондай-ақ бұл проблема бүкіл Орталық Азия аймағын алаңдатып отыр.
Дулати университеті «Климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру және тұрақты дамуды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін Орталық Азияның су секторының адами әлеуетін дамыту» (HWCA) жобасы бойынша грант ұтып алды.
Жоба Орталық Азияның су секторында соңғы онжылдықта мәселелерді шешуге және тиімді қарсы тұруға көмектесетін шараларды қолға алған. Сондай-ақ, климаттың өзгеруі және су тапшылығын шешу мақсатында, жас буынды білікті маман ретінде даярлау үшін халықаралық байланыстар нығайтуға бағытталған.
Осыған орай, Дулати университетіне Еуроодақ университеттерінің мониторингтік тобы келді. Бергамо университетінен (Италия), Реймс Шампан-Арден университетінен (Франция) келген делегацияны Делфт су институтынан Серинг Мод Дженнифер басқарды. Делегация университет басшылығымен, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдерімен, Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ, Дулати университеті “Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты” базасында осы жоба бойынша оқу орталығының салтанатты ашылуы өтті.