ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Азаматтық Авиация Академиясының студенттерімен кездесті

ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Азаматтық Авиация Академиясының студенттерімен кездесті
ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло Азаматтық Авиация Академиясының студенттерімен кездесті
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло мырза Азаматтық Авиация Академиясына барып студенттерімен кездесті.
ИКАО-ның авиациялық дайындық саласындағы мақсаты азаматтық авиациядағы халықаралық стандарттарға сәйкес адами ресурстарды дамыту жөніндегі мүше мемлекеттердің стратегияларын қолдау болып табылады. Авиациялық кадрларды даярлау сапасы ұшу қауіпсіздігіне және кәсіптік даярлық деңгейіне байланысты.
Мамандардың негізгі біліміне қойылатын талаптар саланың болашағы үшін маңызды болғандықтан авиация персоналынан жаңа дағдыларға бағдарлануды талап етеді. Болашақ кадрларды қамтамасыз ету және қажеттіліктерді форсайт-зерттеу жолымен оқыту бағдарламаларының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келтіру Қазақстанның ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тұжырымдамасында да көрініс тапты. Бұл мәселелерді Ралло мырза Академияның және Азаматтық авиация комитеті басшылығымен талқылады.
Сапардың екінші бөлігінде Николя Ралло Академия студенттерімен интерактивті форматта кездесті, қадірлі қонақ көптеген сұрақтарға жауап бере отырып, студенттерді шабыттандырды және ынталандырды.