Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Орталық Азия көшпелілерінің дәстүрлі өркениеттерін зерттеу» ғылыми зерттеу орталығының ғалымдары көшпелі халықтардың этникалық мәдениетіндегі символдар мен атрибуттардың тарихы мен семантикасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Орталық ғалымдары «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың Жеті қыры» атты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Орталық Азияның көшпелі халықтарының этногенезі, тарихы мен мәдениетінің концептуалды мәселелерін әзірлеуді. Олар қол жеткізген ғылыми тұжырымдар мен нәтижелерге сүйене отырып бірнеше ғасырлар бойы бір өркениетті кеңістікте қалыптасқан түркі халықтарының тарихи және этномәдени тамырларының бірлігін негіздеу бойынша жаңа ғылыми көзқарастарын ұсынып отыр.
Ғалымдар классикалық жазба деректермен қатар ауыз әдебиеті үлгілерінің кең көлеміне деректанулық талдау жасай отырып көшпелілер тарихындағы этногеосимвликаның мәні мен оларлың социомәдени кеңістікті модельдеу үлгілерінің ерекшеліктерін зерттеуде.
Тарихшылар мен этнографтар, археологтар мен лингвистер тобынан құралған зерттеу тобы қазақ жерінен қазіргі Түркия респубикасының аумағына дейінгі ұлан байтақ аумақтағы кейбір археоэтнографиялық мұраларымыздағы символдар мен атрибуттарға тарихи салыстырмалы талдау жасауда. Зерттеу этноархеология бағытын, сондай-ақ артефактілерді материалдық емес мәдениет тұрғысынан қарастыруды қамтып отыр.
Мәселен, Ұлытаудағы Алаша хан кесенесі, Сарайшық, Қышқала және Көктам қалаларынан табылған бөрінің ізі түскен кірпіш этнографиялық далалық экспедиция барысында зерттеріп, «тұмар-кірпіш» деп танылды. Алаша хан, Болған ана кесенелері, Қышқала медресесі кірпіштеріндегі ою-өрнектердің қазақ қолөнері бұйымдарында кездесетін ою-өрнектермен ортақтығына салыстырмалы сараптау жасалды.
Жобаны орындау барысында жүзеге асырылған ғылыми іс-сапарлар, әсіресе Өзбекстан Республикасы Самарқанд, Ташкент қалалары мен Туркия Респуликасының Бурса қаласында орналасқан тарихи-мәдени мұражайлар қорларында сақталған жәдігерлерді (мысалы, қызғалдақ, жұлдыз, ошақ, бәйтерек немесе киелі ағаш, асатаяқ және т.б.) мен еліміздің аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштерге этнографиялық талдау жасау барысында қызғылықты мәліметтер қоры жинақталды.
Зерттеу нәтижесінде көшпелілердің этникалық мәдениетіндегі айырымдық белгілер элементтерінің қасиеттілігн және символдық мәнін сарапталып, көшпелі социумның рухани құндылықтары арқылы көрініс тапқан мәдени құбылыстар зерттеліп, дәстүрлі этномәдени жүйенің қалыптасу ерекшеліктері туралы ғылыми тұжырамдар жасалды.